Facebook әлем бойынша істемей тұр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма күні кештен бастап Facebook әлеуметтік желісі әлем бойынша істемей тұр, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі.

Мұны танымал интернет-ресурстар жұмысын бақылайтын Downdetector сервисінен көруге болады.

Әлеуметтік желі пайдаланушыларының тең жартысына жуығы  (45%) Фейсбукке қосыла алмай отырғанын айтып шағымданды. 31% аккаунтарына кіре алмаса, 23% ұялы қолданба істемеген.

Мессенджер жұмысында ақауды Еуропа тұрғындары байқаған. Атап айтар болсақ, Франция, Германия, Италия, Румыния, Нидерланды, Ұлыбритания мен Испанияда желі дұрыс істемей тұр. Сондай-ақ, Грузия, Украина, Польша, Мажарстан, Хорватия, Дания, АҚШ, Мексика, Бразилия, Аустралия, Үндістан, Жапония және басқа елдерде де осындай жағдай қалыптасып отыр.

Айта кетерлігі, Қазақстанда да әлеуметтік желінің парақшасы ашылмай тұр.

Соңғы жаңалықтар