Фабио Ару Италиядағы веложарыста 11-орынға тұрақтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияда беделді бір күндік жарыс «Джиро делл'Эмилия» өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА astanaproteam.kz сайтына сілтеме жасап.

Велошабандоздар Болоньядан Сан-Лукаға дейінгі 223,3 км қашықтықты артқа тастаған. «Астана» командасы жарысқа абыроймен қатысып, капитан Фабио Ару үздік ондыққа ілігуі де мүмкін еді. Қорытынды тізімде Ару 11-орынды иеленді, оның ізін ала Сергей Чернецкий келді. Екі спортшы да жеңімпаз болған италиялық Джованни Висконтиден 35 секунд кешікті. Атақты спортшылар Винченцо Нибали мен колумбиялық велошабандоз Ригоберто Уранның қатысуы жарыстың шырайын ашты.

«Меніңше, жақсы жарыс болды. Команда алда келе жатты, жігіттер Фабио Аруға жақсы ұйымдаса білді. Соңғы километрлерде біз аздап бәйге ритмін сақтай алмай қалдық. «Вуэльтадан» кейін Фабио Ару біраз уақыт үзіліс жасап еді, Ал Сергей Чернецкий жақында ғана әлем чемпионатына қатысты. Команда айтулы нәтижелерге таласуға дайын, келесі жарыстардың өзінде-ақ үлкен жетістіктерге жете аламыз деп ойлаймын», - дейді команданың спорт директоры Бруно Ченьялта.

Соңғы жаңалықтар