ЭЫҰ Кеңесі Трансеуразиялық аса ірі ақпараттық магистраль салуды қолдады

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат - Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) Трансеуразиялық аса ірі ақпараттық магистраль (TASIM) жобасын жүзеге асыруды қолдады.

Бұл туралы TASIM жобасы бойынша жұмыс тобының басшысы Зару Гасанов хабарлады.

Оның айтуынша, жоба таныстырылымы Тегеранда 1-5 наурыз аралығында өткен ЭЫҰ қатысушы елдердің Өңірлік жоспарлау кеңесі хатшылығының 25-ші отырысының аясында жүзеге асты. Жиынға Әзербайжан, Қазақстан, Түркия, Пәкістан. Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Иран, Ауғанстан, Қырғызстан министрліктері мен ведомстволарының өкілдері қатысты.

«TASIM - бағытына географиялық жақын орналасқан елдермен тоғысады. Бұл оптикалық магистраль ресурстарын келешекте пайдалану тұрғысынан қызығушылықты арттыруда. Жобаны ЕЫҰ-ға мүше елдерге таныстыру идеясы оны іске асыру жұмыстарымен егжей-тегжейлі танысу мақсатында ұйымдастырылды», - деді Гасанов.

TASIM жобасы Франкфурттен Гонконгке дейін негізгі транзиттік байланыс желісін құруды көздейді. Желі Еуропа мен Азияның ірі ақпарат алмасу орталықтарын біріктіреді. Ол Қытай, Қазақстан, Әзербайжан, Грузия, Түркия аумақтары бойынша және Германияға дейін созылады.

Екінші баламалы солтүстік транзиттік байланыс желісінің төсемі Ресей, Украина, Польша аумақтары бойынша жоспарланған.

Кабельдік магистральдің каспий сегменті төсемінің мәселесі Қазақстанмен келіссөз жүргізіліп жатқан TASIM жобасының құрамдас бөлігі.

TASIM жобасына Ресей («Ростелеком» операторы), Қазақстан («KazTransCom» операторы), Түркия «TurkTelecom» операторы), Қытай («China Telecom» операторы), Әзербайжан (Халықаралық байланыстар және байланыс министрлігі мен жоғары технологиялар есебі орталығы) сияқты елдер тартылды.

Алдын ала бағалау бойынша жоба құны 100 миллион долларға бағалануда және бірқатар аспектілерді келіскеннен кейін оған түзету енгізілуі мүмкін. Инвестиция жоба қатысушылары арасында тең бөлінеді. Құрылыс жұмыстары 2016 жылы басталады деп жоспарланды.

Соңғы жаңалықтар