«Эйр Астана» жамылғыларды жетіспеушілігіне жолаушыларды кінәлады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Эйр Астана» әуе компаниясы жолаушылардың борт салонындағы жамылғылардың аздығына жасаған шағымына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы уақытта әлеуметтік желіде жолаушылар тарапынан наразылық шағымдары көбейіп кетті.

Әуе тасымалдаушысы жамылғылардың жетіспеушілігіне кейбір жолаушылардың өзін кінәлап отыр.

«Эйр Астана» компаниясы биыл жазда жамылғы жетіспеген жолаушылардан кешірім сұрайды. Әр рейстен соң жамылғылар санитарлық тазалаудан өтеді, жуылып-тазаланған соң қайтадан жолаушыларға беріледі. Біз өз кезегімізде жолаушыларға айтқымыз келеді. Жамылғыларды бортта қалдырып кету керек. Кейбір жолаушыларға біздің жамылғылар қатты ұнағандықтан болу керек, өзімен бірге ала кетеді. Оны сатып алуға уақыт көп кетеді», - деді әуе компаниясынан.

Компания мамандары айтқандай, жамылғылар кепілді қызмет түріне кірмейді.

«Қысқа рейстерде тіскебасар мен сусындар береміз. 3 сағаттан асқан рейсте ыстық тамақ пен ыстық және салқын сусын беріледі. Біз қызмет сапасын жақсарту мақсатында тұрақты түрде жолға қажетті құралдар жинағы, фильм көруге ыңғайлы қосымшалар, Boing 767/757 авиалайнерлерін персоналды экранмен қамту сияқты қосымша қызмет түрлерін енгізіп келеміз», - деп мәлім етті компания.

Айта кету керек, осыдан бұрынырақ ұлттық әуе тасымалдаушысы жазда ішкі бағыттарда билеттердің құны неге аспандап кететінін түсіндірді.

Соңғы жаңалықтар