«Эйр Астана» ұшқышы есірткімен ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Эйр Астана» компаниясының баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады. Олардың хабарлауынша, қазір Роман Быков әуе компаниясынан шығып кеткен.

«Иә, ондай жағдай болды. Әуе компаниясында ұшқыштар мен қызметкерлердің есірткі пайдалануына тыйым салынған. Мұнда қызметкерлерден қан талдауы алынып, алкоголь немесе есірткіге тексеріледі. Роман Быков қазір әуе компаниясында жұмыс істемейді. Ол есірткі табылған соң бірден жұмыстан шыққан», - деді компания өкілі Тілек Әбдірахимов.
Еске сала кетсек, бұған дейін БАҚ-та аталмыш компания ұшқышы Мәскеуде есірткімен ұсталды деген ақпарат жарияланған болатын.

Соңғы жаңалықтар