Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 22 °С
Алматы: 30 °С
USD 336.39 EUR 390.28
RUB 5.36 CNY 52.42
Жаңалықтар

Эйр Астана ұшақтарында ақылы орындар пайда болды

2017 жылғы 13 қазан 16:32 1293
Бөлісіңіз:
Эйр Астана ұшақтарында ақылы орындар пайда болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Эйр Астана» әуе компаниясының баспасөз қызметі компания ұшақтарына ақылы орындардың енгізілуі жөнінде түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұдан былай, аяғын кеңге салып отырғысы келген ұшақ жолаушылары қосымша ақы төлеп, бизнес-класстың 1-қатарында немесе эконом-класстың 1-2 қатарларында апаттық есік жанында отыра алады.

«Эйр Астананың» баспасөз хатшысы Тілек Әбдірахымовтың айтуынша, бұл орындар бұрын жолаушыларға мүлдем берілмейтін. 

«Бұған дейін аталған орындар жолаушыларға мүлдем берілмейтін, оларды түрлі жоспардан тыс оқиғалар үшін сақтап отыратын. Төлемді сатылым кеңселері немесе брондау орталығы арқылы жүзеге асыруға болады. Бағасы 3 мың теңгеден бастап, бағытқа байланысты жоғарылай береді», - деді Әбдірахимов.

Қызмет құны туралы толық ақпаратты «Эйр Астананың» ресми сайтынан көруге болады. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұндай жаңалық халықаралық тәжірибеден алынып отыр.

Қауіпсіздік талаптарына сәйкес, кейбір жолаушы санаттарына апаттық орындарды брондау қызметі көрсетілмеуі мүмкін.

 

 


Басты сөздер: Көлік,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат