Эйр Астана ұшақтарына 37 мәрте құстар соғылған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Эйр Астана» әуе компаниясының ұшақтары 37 рет құстарға соғылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы әуе компаниясының Корпоративті коммуникациялар департаментінің қызметкері Тілек Әбдірахымов айтты.

«Биыл «Эйр Астаны» ұшақтары 37 рет құстармен соқтысыты. Тек Алматы әуежайының өзінде 8 рет осындай жағдай болды. Олардың бірінде фюзеляжға зақым келді. Алматы-Өскемен бағытындағы КС 303 рейсі кешкі сағат 18:22 шамасында әуеге көтеілу үшін жерден жылдамдық алып бара жатқан шақта құстармен соқтығысып қалды. 100 узел (185 км/сағат) жылдамдық кезінде экипаж ұшуға бет алуын тоқтатты. 25 шілде күні Бейжің-Алматы бағытындағы КС 888 рейсі таңғы сағат 9:11-де құстармен соқтығысты. Бірақ ұшаққа зақым келген жоқ», - деді Т.Әбдірахымов.

Былтыр 72 ұшаққа құстар соғылса, олардың 10-ында әуе кемесіне зақым келген Салдарынан 19 рейс бөгелген. Жөндеу жұмыстарына барлығы 850 мың АҚШ доллары жұмсалды.

Әуе компаниясының өкілі айтқандай, Алматы әуежайының маңындағы егістіктер мәселені одан әрі ушықтырып отыр. Дәнді дақыл егістігіне ұсақ жәндіктер мен құстарды аулауға ірі құстар көп жиналады.

Атап айтсақ, ұшу-қону жолағының 05R/23L осінен 400 метр қашықта Құлжа тас жолына дейін егістікте арпа егілген.

Ұшу қону жолағының 05L/23R осінен 400 метр қашықта Қызыл ту ауылының тас жолына дейін егістік алқабы бар.

«Осы жағдайға байланысты «Эйр Астана» компаниясы орнитологиялық ахуалға ҚР Азаматтық авиация комитеті мен жергілікті атқару органдары және әуежай басшыларының назарын аударғымыз келеді. Ұшақтардың құсқа соғылуы ұшу қауіпсіздігіне едәуір нұқсан келтіреді. Халықаралық ИКАО талаптары бойынша әрі ҚР ИДМ-ның №323 бұйрығына сәйкес әуежайдан 15 шақырым қашықтыққа дейін қоқыс үйіндісін, мал шаруашылығын, мал сою орындарын ашуға тыйым салынады», - деді ол.

null nullnull

null null 

Соңғы жаңалықтар