«Эйр Астана» ұшағы Мәскеу әуежайына шұғыл қонды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Эйр Астана» ұшағы мәскеулік Шереметьево әуежайына мәжбүрлі түрде қонды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«28 маусымда «Эйр Астана» әуе компаниясының «Лондон-Нұр-Сұлтан» бағыты бойынша КС 942 рейсін орындаған ұшағы екі генератордың бірінің істен шығуы салдарынан жұмыс істемей тұрған ҚКБ (қосалқы күштік бекітпе) жағдайында Мәскеу уақытымен сағат 00:18-де шұғыл түрде қонды», - деп хабарланды компанияның баспасөз қызметінен.

Компаниядан хабарланып отырғандай, ұшақтың қонуы штатты түрде өтті.

«Қазіргі уақытта ақауды табу және оны жою бойынша жұмыс жүргізілуде. Ұшақтың ішінде болған 93 жолаушының бәрі де «Мәскеу-Нұр-Сұлтан» қосымша рейсі арқылы Мәскеу уақыты бойынша бүгін сағат 09:50-де ұшып шығады», - делінген әуе компанияның хабарламасында.

Еске сала кетсек, бірнеше күн бұрын Ташкент-Алматы» бағытындағы рейсті орындап келе жатқан «Эйр-Астана» әуе компаниясының ұшағы қымтау жүйесіндегі ақауға байланысты Шымкентке апатты жағдайда қонған болатын.

Соңғы жаңалықтар