Эйр Астана шассиі жабылмай қалған ұшаққа қатысты түсініктеме берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Эйр Астана» әуе компаниясының баспасөз қызметі шассиінен ақау шығып, Қытайдың таулы аймақтарында үш сағат ұшуға мәжбүр болған компания ұшағына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін, 12 қазан күні, Қытайдың Сямынь қаласындағы HAECO техникалық қызмет көрсету орталығында С-сheck жоспарлы тексеруінен өткен «Эйр Астана» әуе компаниясының ұшағы Алматыға сынақ рейсін жасады (ұшақта жолаушылар мен жүк болмаған). Ұшақ Алматы уақытымен 08:00-де ұшқан соң, шассидің жабылмағаны туралы индикация іске қосылған. Алматыға қайтуға жеткілікті жанармай құйған әуе кемесі жерге рұқсат етілген салмақта қону үшін және жанармайды азайту үшін Сямынь аэродромы маңында үш сағат ұшып жүруге мәжбүр болды», - деп мәлімдеді әуе компаниясы ҚазАқпарат ХАА тілшісінің сауалына.
null 

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшақ Алматы уақытымен 12:20-да штатты режімде жерге қонды. Әуе лайнерінде 2 ұшқыш пен 2 инженер болған. Қазіргі уақытта HAECO компаниясының техникалық қызметкерлері ақаудың қайдан шыққанын  анықтап жатыр.

Айта кетейік, бүгін Қытайдың Sina.com порталында шассиі жабылмай, Қытайдың таулы аймақтарында ұшып жүрген қазақстандық ұшақ туралы хабарланды. Онда ұшақтың оң жақ шассиінен ақау шыққаны және Сямынь аэродромының қызметкерлері мен құтқарушыларының ұшақты қондыруға әзірленіп жатқаны айтылған. l

Соңғы жаңалықтар