«Эйр Астана» қысқы ұшу маусымына ауысады

None
None
  АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Эйр Астана» ұлттық әуе компаниясы 29 қазаннан бастап ұшулардың қысқы режіміне көшпек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл режім 24 наурызға дейін жалғасады.

Биыл «Эйр Астана» төмендегі бағыттар бойынша жиілікті ұлғайтты:

Алматы - Бангкок - Алматы ( 5 рейстен 7-ге)

Астана - Бангкок - Астана ( 3 рейстен 4-ке)

Астана - Дубай - Астана (4 рейстен 5-ке)

Биыл жыл ортасында  Астана-Дели-Астана бағытында аптасына үш - рет тікелей рейс, Орал-Франкфурт-Орал бағытында апта сайынғы рейс ашылды.

Сонымен қатар шілдеде Астана- Киев, 2 желтоқсаннан  Алматы-Хошимин-Алматы бағытындағы тұрақты рейс қайта қосылады.

2017-2018 жылғы қысқы ұшу маусымында «Эйр Астана» әлемнің 21 еліне, соның ішінде ТМД-ның 6 еліне (Ресей, Әзербайжан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Украина) тасымалдауды жалғастырады.

Ішкі рейстер Қазақстанның 16 қаласын қамтиды.

2017 жылы «Эйр Астана» компаниясының транзиттік жолаушылары «Люфтганза» маршрут желісін пайдалана алады. Себебі, 26 наурызда компаниямен код-шеринг келісіміне қол қойылған.

Одан басқа, Air France/KLM, Honkong Airlines, Air India, Asiana Airlines, Bangkok Airways, Etihad Airways, Turkish Airlines комапнияларымен код-шеринг келісімі жұмыс жасап келеді, сонымен қатар 25 интерлайн-келісім жасалған.

Соңғы жаңалықтар