«Эйр Астана» әуе компаниясының ұшқыштары көлік апатына ұшырады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Эйр Астана» әуе компаниясының микроавтобусын джип қағып кетті. Апат салдарынан 4 адам жапа шекті. Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

«Алматыда «Тойота Сюрф» көлігі «Эйр Астана» қызметкерлерін таситын микроавтобусты қағып кетті. Оқиға түнгі 01:30-да орын алған.

Көлікте болған екі бортсерік пен екі ұшқышқа медициналық көмек көрсетілді. Екі бортсерік қазір ауруханаға жатқызылды. Олардың бірі орта дәрежелі жарақат алған. Әуе компаниясы жапа шеккен қызметкерлердің емдеу шығынын өтеп береді», - делінген хабарламада. Қазір аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар