«Эйр Астана» әуе компаниясының тұрақты жолаушылары Radisson қонақ үйлерінде тегін тұрақтай алады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Эйр Астана» әуе компаниясының тұрақты жолаушылары Radisson брендінің әлемнің 400-ден аса қонақ үйінде тегін тұрақтауға мүмкіндік алады. Бұл туралы Эйр Астана» компания¬сының қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімінің үйлестірушісі Тілек Әбдірахымов хабарлады.

Әлемдегі ірі Carlson Rezidor Hotel Group қонақ үй компаниясы мен ұлттық әуе тасымалдаушы компания өзара ынтымақтастық туралы келісімге келді. Ендігі кезекте әуе компаниясының Nomad Club бағдарламасы бойынша жиі ұшатын жолаушылар бонустық бал жинап, Еуропа, Таяу Шығыс пен Африкадағы Radisson, Radisson Blu мен Park Inn by Radisson қонақ үйлерінде тегін тұрақтай алады. Ол үшін жолаушылар Nomad Club бағдарламасына тіркелуі қажет. Ал сәйкесінше Radisson, Radisson Blu мен Park Inn by Radisson қонақ үйлерінің тұрақты меймандары 500, 250 бонустық бал жинап, «Эйр Астана» компаниясынан тегін билет алуға болмаса, қызмет көрсету класын жоғарылатуға мүмкіндік алады. «Біз ТМД-дағы ірі әуе тасымалдылаушылардың бірі - «Эйр Астана» компаниясы Carlson Rezidor компаниясының серктестерінің біріне айналғанына өте қуаныштымыз. Біз тұрақты меймандарымыз бен жолаушыларымызға іскерлік сапарын ұйымдастыруды басқаша қырынан көрсетуге тырысамыз», - деді Rezidor компаниясының Шығыс Еуропа аймақтық вице-президенті Том Фланаган.

Соңғы жаңалықтар