Эйнштейннің бақыт рецептісі 1,56 млн долларға сатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі ғалым Альберт Эйнштейннің бақытты өмірге жету жолдары жайындағы жазбасы Иерусалимдегі аукционда 1,56 млн долларға сатылды.

Ол жазбаны Эйнштейін 1922 жылы Токио қонақүйлерінің бірінде шайпұл орнына мейманхана қызметшісіне береді. Нобель сыйлығы берілгені жайында жаңа ғана хабар тауып отырған ғалым қызметшіге қағазды ұсына отырып, бұл қағаздар адамға ақшадан гөрі әлдеқайда көп дәулет әкелетінін айтады.

Салыстырмалы теориясының авторы берген қағазға неміс тілінде үнемі табыстың артынан қуу мен тағатсыздыққа қарағанда жайбарақат әрі сыпайы өмір көбірек бақыт әкелетіні жазылған.
null 

Ерік-жігер бар жерде амал да болатыны жазылған екінші бір жазба 240 мың долларға сатылды. «Виннер» бәссауда үйінің өкілінің айтуынша, жазбалардың бірін есімі жариялауды қаламайтын еуропалық сатып алған.

Бұл жазбаларды аукционға сол бақытты қонақүй қызметшісінің туысы шығарған, деп хабарлайды BBC.

Соңғы жаңалықтар