Эйфель мұнарасы Жаңа Зеландиядағы шабуыл құрбандарын еске алу үшін жарығын сөндіреді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Эйфель мұнарасы Жаңа Зеландия мешіттеріндегі шабуылдан қаза тапқандарды еске алу үшін жарығын сөндіретін болады. Бұл жайлы жұма күні француз астанасының мэрі Анн Идальго Twitter-дегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осы шабуыл салдарынан қаза тапқандарды еске алу үшін Эйфель мұнарасының жарығын жұма күні түнде сөндіреміз», - деді ол. Идальго сондай-ақ Жаңа Зеландия мен Крайсчерч тұрғындарына барлық париждіктер атынан көңіл айтты.

Жұма күні қаруланған топ жаңазеландиялық Крайсчерчтегі Аль-Нур және Линвуд мешіттеріне баса көктей кіріп, сол уақытта мешітте болған жүздеген адамдарға оқ атқан. Лаңкестік салдарынан соңғы мәліметтер бойынша 49 адам қаза тауып, жарақат алған ондаған адам ауруханаға жеткізілген. Шабуылға айыпталған үш адам тұтқындалды.

Соңғы жаңалықтар