+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

ЭЫДҰ және 20 елдің сарапшылары пандемияға қарсы цифрлық шешімдерді талқылады

2020 жылғы 25 маусым 19:16
Бөлісіңіз:
ЭЫДҰ және 20 елдің сарапшылары пандемияға қарсы цифрлық шешімдерді талқылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әзербайжан, Израиль, Қазақстан, Эстония және ЭЫДҰ сарапшылары пандемия жағдайында мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған цифрлық шешімдерді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астанадағы мемлекеттік қызмет хабы сессиясы Халықаралық әкімшілік ғылымдары институтының (IIAS, Бельгия) онлайн-конференциясы аясында 20-дан астам елдің өкілдері қатысуымен өтті.

Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов сессияны аша отырып, карантин, әлеуметтік қашықтық және қашықтықтан жұмыс істеу заманауи ақпараттық технологияларды қолдануды жылдамдатқанын атап өтті.

«Соvid-19 пандемиясы, сонымен бірге, сенімнің әлеуметтік құндылық қана емес, тиімді әкімшілік капитал ретінде де маңыздылығын кезекті мәрте көрсетті. Сондықтан инновациялық технологиялардың ашық және таза шешімдер қабылдауға жағдай жасауы, асыра пайдаланушылықты болдырмау, сол арқылы азаматтардың құқығы мен бостандықтарын қамтамасыз етуі маңызды», - деді спикер.

Сондай-ақ, ол заманауи технологияларды қолдану ғана емес, жаңа жағдайда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелерін қамтитын тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.

Өз құттықтау сөзінде Халықаралық әкімшілік ғылымдары институты бас директоры Софьян Сахрауи құрылғанына биыл 90 жыл толған IIAS тұғырнамасында Хабтың сессия өткізгені және әріптестігі үшін алғыс білдірді. Ол ынтымақтастықты мемлекеттік басқару саласында, оның ішінде зерттеу жобалары бойынша дамытуға қызығушылық танытты.

Отырыс барысында Әзірбайжан, Израиль, Қазақстан, Эстония және ЭЫДҰ өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісті.

Атап айтқанда, Әзірбайжан Электрондық үкіметін дамыту орталығы директоры Фариз Джафар азаматтарды жақын маңдағы ықтимал COVID-19 тасымалдаушылары туралы ескертетін мобильді e-Tabib қосымшасы және «e-mask» респираторы сияқты инновациялық шешімдермен таныстырды. Ол карантин жағдайында азаматтардың қозғалысын онлайн тіркейтін жүйеге толығырақ тоқталды. Бұл жоба Хабтың Виртуалды альянсы арқылы қатысушы-елдер арасында таратылып, Түркістан қаласы әкімдігі әзірбайжандық тәжірибені қолданып, осындай онлайн-жүйені жасады.

Эстония электронды басқару академиясы директорының орынбасары Ханнес Асток өз сөзінде жаңа жағдайларда көптеген мемлекеттік қызметтер оңтайландырылғанын атап өтті. Күн сайын 1,1 миллионнан астам сандық аутентификация мен қол қою үкіметтік, коммерциялық және жеке операцияларда қолданылады.

Сонымен қатар, «Шекарасыз инновациялар» ұйымының (IWB, Израиль) негізін қалаушысы және басқарушы директоры Бенни Шлик Қазақстанның Израильдегі Елшілігі қолдауымен сессияға қатысты. Ол 2019 жылы Израиль үкіметі әр түрлі саладағы инновациялық шешімдерді әзірлеу және зерттеу үшін 480 миллион АҚШ доллары көлемінде 1650 жобаны инвестициялағанын атап өтті. Ол COVID-19 цифрлы трансформацияны жылдамдатқанын, бұл мемлекеттік жүйені қайта құрып, идеяларды ілгерлетуде жаңа мүмкіндіктерді көруге жол ашқанын жеткізді.

«Deep Knowledge Group» рейтингі бойынша Израиль коронавирустық пандемия жағдайындағы қауіпсіз елдердің алғашқы үштігіне кіреді. Денсаулық сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде цифрлы шешімдерді қолдану нәтижесінде тек Швейцария мен Германияға жол береді.

«Зерде» Ұлттық инфокоммуникация Холдингі халықаралық ынтымақтастық бөлімі бастығы Аяжан Мұқанова аз уақыт ішінде Қазақстан Үкіметімен бірлесіп IT-компаниялар 53-тен астам жобаны жасағанын айтты. Төтенше жағдай кезінде азаматтарға 13,8 миллионнан астам мемлекеттік электронды қызмет көрсетілгенін айтты.

ЭЫДҰ мемлекеттік басқару директораты Цифрлық үкімет және деректер бөлімі саясат мәселелері бойынша аналитигі Жоао Васконселос COVID-19 салдарынан кейінгі қалпына келтіру ісіне цифрлық мемлекеттік сектор серпін беретінін атап өтті. Сонымен қатар, цифрлық үкіметтің даму деңгейі әсіресе қазіргі таңда мемлекеттік сектордың негізгі көрсеткіші бола түсетінін атап өтті.

Сессияға әлемнің 20-дан астам елі мемлекеттік қызметкерлері, халықаралық сарапшылар, ғалымдар – жалпы 100-ден астам адам қатысты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT