ЭЫДҰ сарапшылары Қазақстан Үкіметінің ашықтығын жоғары бағалайды

None
None
AСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінде Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың (ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мекемесі) басшысы Вячеслав Калюжныйдың Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) сарапшылары Эмма Кантера және Симоне Хёкеле-Хефнермен кездесуі болып өтті.

Кездесудің тақырыбы - Омбудсменнің мемлекеттің азаматтарға қатысты есеп берушілігі, айқындығы және ашықтығын қамтамасыз етудегі рөлі, деп хабарлайды ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл мекемесінің баспасөз қызметінен.

Омбудсмен аппаратының басшысы Қазақстан Конституциясы аталған принциптерді кепілдендіретін нормаларды қамтитынын, сонымен бірге мемлекеттің есеп берушілігіне Елбасының бастамасымен құрылған Бес реформа кіретінін атап өтті. Бұдан басқа, ел Парламенті «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» Заң жобасын қарастырып, «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңын қабылдап үлгерді.

«Қазақстандық Омбудсмен мекемесінің тәжірибесі азаматтардың құқықтары бәрінен бұрын жекелеген шенеуніктердің заңмен қарастырылған мемлекеттік қызметтерді көрсетпеуінен бұзылатынын анықтап отыр. Омбудсмен аталған проблеманы мемлекеттік органдардың ашықтығын көтеру арқылы шешудің құқықтық механимдерінің бірі болып табылады», - деп атап өтті ол.

Үкіметтік емес ұйымдар аталған жұмыста маңызды серіктестер болып табылады. Сондай-ақ БАҚ-та, соның ішінде Орталық коммуникациялар қызметі аясында үгіт-насихат жүргізіледі.

В.Калюжныйдың хабарлауынша, Омбудсменнің мекемесі ақпаратқа қолжетімділік құқығының бұзылуына қатысты шағымдардың статистикасын жүргізілуде. Азаматтардың шағым беруі барынша жеңілдетілген - шағымдар ғаламтордағы сайт немесе электрондық пошта арқылы беріле алады.

ЭЫДҰ-ның сарапшылары Омбудсменнің жыл сайынғы есебі мемлекеттік органдардың ашық үкімет принциптерін қолдануы туралы ақпараттың бағалы дереккөзі болып табылатынын атап өтті. Олар аймақтарда құқықты қорғау механизмдеріне қолжетімділіктің қамтамасыз ету жұмысы мен меморгандар және азаматтық қоғаммен өзара ықпалдастықтың жоғары деңгейін атап өтті.

Кездесу ЭЫДҰ-ның Қазақстанның мемлекеттік басқаруына, атап өткенде ашық үкімет принциптерінің іске асырылуына шолу жасау аясында өткізілді. Қазіргі заңнаманы және ашық үкімет саласындағы құқықтың қолданылуына талдау жасау қорытындылары бойынша ЭЫДҰ нақты ұсыныстар дайындайды.

Соңғы жаңалықтар