ЭЫДҰ сарапшылары Қазақстан мен G20 елдері мүддесі тоғысатындығын айтуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ханчжоуда өткен G20 саммиті Қазақстан мен үлкен жиырмалыққа мүше елдер мүддесінің тоғысатындығын паш етті. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Сауда және ауыл шаруашылығы жөніндегі директоратының жетекшісі Кен Эш айтты.

«Қазақстан мен G20-ға мүше мемлекеттердің, сонымен қатар осы жолғы саммиттің өзге де қонақтарының мүддесі барынша сай келеді. Өзара тәуелділікті түсіну артып келе жатқандығы байқалады және біз жаһандық нарыққа барынша интеграциялану мүмкіншілігі мен ашық сауда-саттық жүргізуде бір-бірімізге қажетпіз. Көптеген жағдайда бұл бағыттағы нақты шаралар қабылданды. Бұл  саяси ерік-жігер мәселесі», - деді ол.

Оның айтуынша, Қытайдың үлкен жиырмалыққа төрағалығының негізгі элементі сауда мен инвестицияға басымдық беру болып отыр. Ал бұл соңғы нәтижеде бүкіл әлем тұрғындарының басым бөлігінің өмірін жақсартуға бағытталған.

Еске салсақ, 1 қыркүйекте Н. Назарбаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен G20 саммитіне қатысу үшін Қытайға барды және 4-5 қыркүйек күндері үлкен жиырмалықтың саммитіне қатысты. Бірінші сессияда Мемлекет басшысы жаһандық экономика мәселелерін шешу жолдары туралы өз болжамдарын айтты.

Соңғы жаңалықтар