+7 (701) 759 90 19
USD 386.30 EUR 428.14
RUB 6.08 CNY 54.87
Jańalyqtar

ЭЫДҰ өкілдері ИДМ белсенді жұмысын жоғары бағалады

2016 жылғы 7 қыркүйек 20:49
Бөлісіңіз:
ЭЫДҰ өкілдері ИДМ белсенді жұмысын жоғары бағалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Еуразия бәсекелестік бағдарламасының директоры Антонио Соммамен кездесті, деп хабарлады www.pm.kz.

6 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі ғимаратында министр Жеңіс Қасымбектің Еуразия бәсекелестік бағдарламасының директоры Антонио Соммамен кездесуі болып өтті. Айта кетерлігі, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Министрліктің бірқатар салалары бойынша әріптесі болып табылады, ал қазіргі таңда ЭЫДҰ-ның бизнес ахуалды жақсарту бойынша көптеген кепілдемелері қолданыстағы және әзірленіп жатқан заңнамаларда орын тапқан.

Қазіргі таңда, министрлік бірқатар салаларға қатысты «Қазақстанның инвестициялық климатына екінші шолу», «Қазақстанның тау-кен өнеркәсібі бәсекелестігін арттыру», «Қазақстанның салалық бәсекелестігін арттыру стратегиясы» сияқты жобаларды іске асыруда. Аталған жобалардың сәтті іске асырылуы ЭЫДҰ-ға мүше мемлекеттердің жоғары стандарттарына өтуге жол ашады.

Кездесу барысында ЭЫДҰ өкілдері Министрліктің Инвестициялар комитеті, Құрыш комитеті және Индустрия, инновациялар және кәсіпкерлік комитеті сияқты ЭЫДҰ-дың салалық органдарына мүшелік ету мақсатында Қазақстанның атқарып отырған жұмыстарын жоғары бағалады және қойылған мақсаттарға қол жеткізуге жан-жақты жәрдем көрсетуді ұсынды.

Кездесу қорытындылары бойынша, Ж. Қасымбек бәсекелестікті арттыру мәселелеріне жауапты ЭЫДҰ мемлекеттері даму министрлерінің басын қосатын биыл қараша айында Париж қаласында өтетін «Еуразия Аптасы» атты жыл сайынғы маңызды іс-шараға қатысуға шақырылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT