ЭЫДҰ Қазақстандағы бюджеттік реттеу саласына баға бермек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 23-26 қаңтар аралығында «Қазақстан Республикасының бюджетік жүйесіне шолу: Бюджеттік реттеудегі үздік халықаралық тәжірибені енгізу жөніндегі стратегия» жобасының аясында Қазақстанда ЭЫДҰ миссиясы өткізілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Миссия барысында Астана қаласында Ұлттық экономика, Қаржы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау министрліктерінің, Астана қаласы әкімдігінің, Парламенттің, Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесулер өткізілді.

Миссия аясында 25 қаңтарда ЭЫДҰ сарапшылары семинар өткізіп, онда ЭЫДҰ-ның бюджеттік жоспарлау бойынша ұстанымдары, бюджеттік үдерістерді жүргізу бойынша озық халықаралық тәжірибе, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаларды бағалау әдістері қаралды.

Жоба қорытындысы бойынша бюджеттік басқару саласындағы үздік халықаралық тәжірибені қолдану жөніндегі ұсыныстар арқылы ЭЫДҰ-ның ұстанымдарын ескеру жолымен Қазақстандағы бюджеттік реттеу саласына баға берілмек.

Соңғы жаңалықтар