USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

EXPO-2020 Dubai: Қазақстандық опера әншісі Мария Мудряктың Дубайда концерті өтеді

2021 жылғы 26 қараша 20:38
Бөлісіңіз:
EXPO-2020 Dubai: Қазақстандық опера әншісі Мария Мудряктың Дубайда концерті өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Отандасымыз, белгілі опера әншісі Мария Мудряк Дубайда жеке концертін береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Мен Миланда 18 жылдай тұрып жатырмын. Бастапқыда онда қазақстандықтар мүлдем аз болды. Қазір Миланда тұратын жерлестеріміздің қатары көбейіп келеді, кейбірімен жақсы араласамын. Олардың қатарында өзімнің жерлесім — павлодарлықтар да бар. Шыны керек, бос уақыт өте аз, жиі кездесіп тұруға мүмкіндік болмай жатады. Үнемі концерт, дайындық тағы басқа. Бүгінле шетелде оның ішінде Италияда да Қазақстанды кеңінен таниды. Мен Қазақстаннанмын деп мақтанышпен айтамын. Шетелдіктер елордада өткен ЭКСПО көрмесі туралы жиі айтып жатады», - деді Мария Мудряк тілшілердің сұрағына жауап бере тұра.

Өнер жұлдызының айтуынша, еліміздің шетелде кеңінен танылуы тәуелсіздіктің жемісі.

«Ертеңгі елордадағы концертімнен кейін Дубайға ұшамын. Онда EXPO-2020 Dubai халықаралық көрме аясында Қазақстанның атынан концерт өткіземін. Сондай-ақ, Өскеменде концертім жоспарланып отыр. Содан соң Миланға ұшып Бельгия корольдігі театрының қойылымына дайындық басталады», - дейді ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ертең елордада танымал опера әншісі Мария Мудряктың концерті өтеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT