EXPO-2017 ресми сайтында көрменің үздік логотипіне дауыс беру басталды

None
None
АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - ЭКСПО - 2017 көрмесінің үздік логотипіне дауыс беру басталды. Дауыс беру www.expo2017astana.com сайтында жүзеге асады. Бұл туралы көрменің ресми ұйымдастырушылары жариялап отыр.

«EXPO 2017 - бүкіл Қазақстан үшін маңызды оқиға, сондықтан оның логотипін біз бірге таңдауымыз керек. Кәсіби іріктеу аяқталды, ендігі таңдау сіздерде! Шілденің 9-нан 22-не дейін өзіңіздің ойыңызша, «Болашақ энергиясы» тақырыбын неғұрлым терең ашатын және EXPO 2017 көрмесінің символы болуға лайық логотипке дауыс беріңіз», - делінген баспасөз баянында.

Дауыс беру 22 шілдеде 23.59 аяқталып, нәтижесі 24 шілдеде белгілі болады. Конкурс ережелеріне сәйкес, дауыс беруге тек тіркелген пайдаланушылар ғана қатысады. Бір адам дауыс беру кезеңінде бір рет қана дауыс беруге құқылы. Конкурс қорытындысы бойынша ең көп дауыс жинаған логотип Астанадағы ЕХРО-2017 көрмесінің ресми нышанына айналады. Еске сала кетейік, 2012 жылдың 22 қарашасында Халықаралық көрме бюросы Бас ассамблеясының 152-ші отырысында Астана EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу мәртебесіне ие болды. Қазақстан ұсынып отырған тақырып - «Болашақ энергиясы».

Соңғы жаңалықтар