Exit poll: 3 ұйым қорытындысында қандай айырмашылық бар

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 20 қарашада өткен кезектен тыс Президент сайлауы кезінде Еxit poll әдістемесі бойынша жүргізілген сауалнамалардың алғашқы қорытындылары мәлім болды. ҚазАқпарат үш бірдей ұйымның Еxit poll қорытындысында қандай айырмашылық болғаны туралы шолу ұсынады.

Әуелі «Қазақстан» телерадиокорпорациясының тапсырысы бойынша сауалнама жүргізген «Ашық қоғам» өңірлік зерттеулер халықаралық институтының мониторинг нәтижесін жариялады. Оған барлық өңірлерде орналасқан 354 сайлау учаскесінен 1062 интервьюрер атсалысып, Қазақстанның 304 мыңнан астам азаматынан жауап алған.

Әлеуметттану зерттеуінің қателігі шамамен +/-2 пайыз. Сайлаушылардың келуі 68,7 пайыз болған.

Сонымен, «Ашық қоғам» өңірлік зерттеулер халықаралық институты жүргізген Exit-poll нәтижесі мынадай:

Қасым-Жомарт Тоқаев —82,45%;

Мейрам Қажыкен —2,23 %;

Жигули Дайрабаев — 3,33%;

Қарақат Әбден — 2,54%;

Салтанат Тұрсынбекова — 2,08%;

Нұрлан Әуесбаев — 2,17%;

Бәріне қарсымы – 5,2%.

AMANAT партиясы жанындағы Қоғамдық саясат институты жүргізген Еxit poll нәтижесі бойынша сайлаушылардың 85 пайыздан астамы кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берген.

Мұндағы Exit poll 70 мыңнан астам азаматты қамтыған.

Оның нәтижесі мынадай:

Қасым-Жомарт Тоқаевқа – 85,52 пайыз;

Жигули Дайрабаевқа – 2,67 пайыз;

Қарақат Әбденге – 2,61 пайыз;

Мейрам Қажыкенге – 2,43 пайыз;

Нұрлан Әуесбаевқа – 1,93 пайыз;

Салтанат Тұрсынбековаға - 1,44 пайыз дауыс берілді.

Ал бәріне қарсымын бағанына дауыс бергендердің 3,4 пайызы белгілеген.

«СОЦИС-А» Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты – Астана» ЖҚ өздері жүргізген Exit poll қорытындысын жариялады.

Оның қоырытындысы мынадай:

Қарақат Әбден – 2,84%;

Нұрлан Әуесбаев – 2,38%;

Жигули Дайрабаев – 3,68%;

Мейрам Қажыкен - 2,62%;

Қасым-Жомарт Тоқаев – 82,02%;

Салтанат Тұрсынбекова – 2,24 %;

Бәріне қарсымын – 4,22%.

Осылайша алғашқы үш Exit poll қорытындысы да үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезектен тыс Президент сайлауында айқын басымдықпен жеңді дегенге саятын мәлімет ұсынып отыр. «Ашық қоғам» институтының нұсқасы бойынша Қ.Тоқаевқа сайлаушылардың 82,45%-ы дауыс берген. Екінші орында 5,2% дауыспен «бәріне қарсымын» деген бағана тұр.

Ал AMANAT партиясы жанындағы Қоғамдық саясат институтының нұсқасы бойынша Қ.Тоқаевқа сайлаушылардың 85,52%-ы дауыс берген. Екінші орында 3,4% дауыспен «Бәріне қарсымын» деген бағана тұр.

«Астана» кешенді әлеуметтік зерттеулер институтының нұсқасы бойынша Қ.Тоқаевқа сайлаушылардың 82,2%-ы дауыс берген. Екінші орында 4,22% дауыспен «Бәріне қарсымын» деген бағана тұр.

Айта кетсек, Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, кешегі сағат 22.00-дегі жағдай бойынша республиканың 8 299 501 азаматы бюллетень алды. Ол - тізімге енгізілген азаматтардың 69,43 пайызы деген сөз. Ал 4 өңірде сайлаушылардың 80 пайыздан астамы дауыс берген.

Бүгін елімізде кезектен тыс президент сайлау өтті. Барлық өңірде 10 033 учаске жұмыс істеді.

Сонымен қатар шет мемлекеттердегі Қазақстан өкілдіктері жанындағы 68 учаскенің бірнешеуі қазіргі уақытта жұмысын аяқтады.

Сайлау күнінде Сан-Францискодағы сайлау учаскесі соңғы болып жұмысын бастады.


Соңғы жаңалықтар