АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкентте 2018 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сыны аясында 19 жасқа дейінгі қыздар арасында 2 топтағы ойындар аяқталды, деп хабарлайды Sports.kz.
Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Англия, екінші орынды Словения, үшінші орынды Уэльс, төртінші орынды Қазақстан командасы алды.
Қазақстандық қыздар үш ойында бірде-бір қарсыласының қақпасына доп дарыта алмады. Ал өздері үш команда ойыншыларынан жалпы 19 гол жіберіп алды.