Эво Моралес Боливиядағы президенттік сайлауға 4-інші рет қатыспақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Боливияның жоғары сайлау соты республиканың қазіргі президенті Эво Моралестің жаңа мерзімге ұсынылуын мақұлдады. Бұл туралы сейсенбіде Agencia Boliviana de Informacion агенттігі хабарлады.

Агенттіктің дерегінше, Моралестен тыс, Христиан-демократиялық партиядан Хаиме Пас Самора, «Боливия: «Жоқ» дейді» альянсынан Оскар Ортис, «Үшінші жүйе қозғалысынан» Феликс Патси, «Ұлттық революция қозғалысынан» Вирхинио Лема, «Азаматтық бірлік - Солидарлық» партиясынан Виктор Уго Карденас, «Боливия ұлттық әрекеті» партиясынан Рут Нина, сондай-ақ «Азаматтық қоғамдастық» партиясынан ұсынылған Боливияның бұрынғы президенті Карлос Месаның кандидатураларына рұқсат етілген.

Түпкілікті үндіс тұрғындарынан шыққан ел тарихындағы тұңғыш президент Моралес билік басына 2005 жылда келген болатын. Ол 2009 және қатарынан үшінші рет сайлануға тыйым салынғанына қарамастан 2014 жылдары қайта сайланған. Сол кезде Конституциялық сот 2009 жылы Боливияда жаңа негізгі заң қабылданғанын басшылыққа ала отырып, оның қайта сайлануының заңдылығын мойындаған. 

Соңғы жаңалықтар