+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Эверест шыңына шықпақ болған екі альпинист қаза тапты

2021 жылғы 13 мамыр 12:51
Бөлісіңіз:
Эверест шыңына шықпақ болған екі альпинист қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Эверест тауының шыңына шығар жолда американдық және швейцариялық екі альпинист қаза тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат Agence France Presse агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Оралда көлікпен соқтығысқан мотоциклдің 15 жастағы жүргізушісі мерт болды Қостанай тасжолында автокөлік жаяу жүргіншіні қағып кетті Оралда полиция қызметкері мас күйінде жол апатына ұшырады

Непалдың Seven Summit Trek Mingma Sherpa туристік операторы өкілінің айтуынша, швейцариялық альпинист тау шыңында әлсіреуден көз жұмған. Американдық әріптесі «Хиллари сатысы» учаскесіне дейін жетіп, онда әлсіреу және офтальмиядан қайтыс болды.

Туроператор басшысы Чханг Дава Шерпа Instagram-дағы жеке парақшасында мерт болғандардың отбасыларына көңіл айтты. «Біз оларға қосымша оттегі және қажетті азық-түлікті жібердік, бірақ өкінішке қарай шерптер оны (швейцариялық альпинисті) құтқара алмады. Шерптің оттегі және қосымша қолдау жеткізуінің арқасында американдық альпинист Оңтүстік бөлігіне дейін аман жетті, бірақ сол жерде көп ұзамай көз жұмды», - деп жазды ол.

Агенттіктің нақтылауынша, қазіргі кезде ауа райының қолайсыздығы альпинисттердің мәйіттерін төмен түсіріп, отандарына жеткізуге мүмкіндік бермей жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT