Ева Лонгория Димашты Парижде өтетін қайырымдылық кешіне шақырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Парижде өтетін тағы бірі шараға қатысады. Ол Парижде өтетін Global Gift Foundation қайырымдылық кешіне қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«@unicef ұйымының қолдауымен ұйымдастырылатын аты әлемге танымал актриса, продюсер, режиссер Ева Лонгория xанымның қайырымдылық гала-кешкі асының қадірлі қонағы боламыз. Әлем жұлдыздары бас қосатын кеш 16 мамыр күні Франция астанасы Париж қаласында өтеді. Димаш Гала-кеште ән шырқайды. Осы кешке шақырған Ева xанымға және француздық достарымыз Терии Мартино және Флабиенге раxмет айтамын!»,-деп жазды бүгін әншінің ресми өклі және досы Алпамыс Шәрімов әлеуметтік желіде.

«Парижде 16 мамыр күні өтетін Global Gift Gala шарасында ән айту мен үшін үлкен абырой»,-деп жазды әнші желіде.

Айта кетейік, Global Gift қоры коммерциялық емес қайырымдылық қорының мақсты көмекті қажет ететін балалар мен әйелдерге және отбасыларға қолдау көрсету. Ева Лонгория мен ол негізін қалаған Eva Longoria Foundation және Global Gift Foundation қайырымдылық қоры бірнеше жылдан бері бірлесіп қызмет етуде.

Соңғы жаңалықтар