ЕҰУ ректоры Халықаралық түркі академиясының алтын медалімен марапатталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Ұлттық тарихшылар конгресінің VIII отырысында Алтын Орда мемлекетінің 750 жылдығы мерейтойы аясында Халықаралық түркі академиясы әзірлеген кітаптардың тұсаукесер рәсімі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халықаралық Түркі академиясы әзірлеген кітаптардың тұсаукесер рәсімінен бұрын бір миссияны орындауағ рұқсат етіңіздер. Таяуда халқымыздың ұлы ойшылы – Абай жылының жабылу рәсімі Семей қаласында өтті. Іс-шарада Мемлекет басшысы осы жылдың ең үлкен жетістіктерінің бірі – Абай академиясының ашылуын айрықша атап өткен болатын. Таяуда ғана Абай академиясы шығарған керемет кітаптардың таныстырылымы өтті. Сондай игі шараларға ұйытқы болып жүрген, абайтануға тарихшы ретінде үлкен үлес қосқан Ерлан Батташұлына ерекше алғыс айтамыз. Біз, Халықаралық түркі академиясы биыл Баку қаласында өткен білім министрлерінің жиынын да «Абай жылы» деп атаған болатынбыз. Қаңтар айында Бакуде өткен үлкен жиынды біз осы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен бірге өткіздік. Қолдауыңыз үшін тағы алғыс айтамыз. Академия өткізген халықаралық жиындарға университет белсенді атсалысты», - деді Халықаралық түркі академиясы және «Егемен Қазақстан» газетінің басқарма төрағасы, мемлекеттік және қоғам қайраткері Дархан Қыдырәлі.

Ол Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, академик Ерлан Сыдықовты Халықаралық түркі академиясының алтын медалімен марапаттауды жөн деп тапқанын айтты.

«Бұл марапатты ЮНЕСКО-ның бас штабы – Парижде ғана тапсыратынбыз. Биыл пандемияға байланысты ЮНЕСКО-ға бара алмадық. Алтын медалді тапсырудың орайы бүгін келіп тұр екен, сондықтан сіздердің алдарыңызда, осы үлкен шараның бастауында марапатты тапсырғымыз келіп отыр», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар