«Eurovision-2019» байқауы тікелей эфирде көрсетіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Хабар» телеарнасы Израильдің Тель-Авив қаласында өтетін «Eurovision-2019» ән байқауын тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрермендер мамырдың 14-нен 15-не қараған түні және 16-нан 17-не қараған түні сағат 01:00-де жартылай финал, ал мамырдың 18-нен 19-на қараған түні сағат 01:00-де - Гранд-финалды тамашалайды.

Осымен 64 рет ұйымдастырылып отырған шараға 41 мемлекет қатысады. Байқаудың шарты бойынша әр елден бір орындаушы (немесе топ (6 адамнан аспауы қажет) ұзақтығы 3 минуттан аспайтын ән орындайды.

Айта кету керек, 2000 жылдан бастап 5 мемлекеттің (Франция, Германия, Италия, Испания, Ұлыбритания) және сайыс өтетін елдің (осы жылы Израиль) қатысушылары автоматты түрде гранд-финалға өтеді.

Израиль бұған дейін екі рет (1979 және 1999 жылдары) Eurovision байқауын өткізген болатын.

Байқау алғаш рет 1956 жылы өтті, оған 7 ел қатысып, әр өнерпаз екі әннен орындаған. Бүгінгі таңда жалпы алғанда 1500-ден астам ән шырқалды. Жеңіс саны бойынша Ирландия (7 жеңіс) бірінші орынды, Швеция (6 жеңіс) екінші орынды, Люксембург, Франция және Ұлыбритания (әрқайсысы 5 жеңістен) үшінші орынды иеленіп отыр.

Соңғы жаңалықтар