+7 (701) 759 90 19
USD 437.20 EUR 475.32
RUB 5.79 CNY 61.94
Jańalyqtar

Eurovision-2018 байқауында Израиль әншісі жеңімпаз атанды

2018 жылғы 13 мамыр 06:11
Бөлісіңіз:
Eurovision-2018 байқауында Израиль әншісі жеңімпаз атанды

ЛИССАБОН. ҚазАқпарат - Toy («Ойыншық») әнін шырқаған Израиль өкілі Netta (Нетта Барзилай) 63-ші халықаралық Eurovision ән байқауының жеңімпазы атанды. Байқау нәтижесі сенбіден жексенбіге қараған түні Лиссабондағы Altice аренасында белгілі болды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі

«Eurovision-2018 жеңімпазы Израиль атанды», - деп жария етті кештің жүргізушілері.

Екінші орында Fuego («Жалын») әнін шырқаған Кипр өкілі Элени Фурейра, ал үшінші орында Nobody But You («Сенен басқа ешкім емес») композициясымен аустриялық Сезар Сэмпсон.

25 жастағы Нетта Барзилай Eуровижн байқауына Израильдегі музыкалық реалти-шоудағы жеңісінен кейін жолдама алған. Әнші Израильдің әскери оркестрінің сапында, Жас музыканттар лагерінің нұсқаушысы болып қызмет етеді. Нетта 2016 жылы The Experiment ансамблін құрғандардың бірі.

Соңғы Toy («Ойыншық») әнін Нетта ең табысты израильдік сазгер Тель-Авив әнұраны Tel Aviv Ya Habibi авторы Дорон Медалимен бірге жазған.

Еуровижн байқауының ережесіне сәйкес келесі байқау жеңімпаздың елінде өткізіледі. Еске сала кетсек, Eurovision-2018 8-12 мамыр аралығында Португалия астанасында ұйымдастырылды.

Фото: © Вячеслав Прокофьев/ТАСС

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем,
Бөлісіңіз:

Автор:

Жәнібек Амангелді

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT