Еуровидение-2017 жеңімпазы өлім аузында жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Еуровидение-2017» жеңімпазы Сальвадор Собрал өлім аузында жатыр. Әншінің жүрегі ауырады. Музыканттың өмірін сақтап қалу үшін португалдық дәрігерлер бар әрекеттерін жасап жатыр.

Бұл туралы La Vanguardia газеті жазды.

«Біз бұл жерде оның жағдайын толықтай бақылап отырмыз. Сальвадор жаңа жүрек алғанға дейін, оған тек тыныштық керек», - деп мәлімдеді дәрігерлердің бірі.

Собрал тума жүрек талмасымен ауырады. Дәрігерлер оның жағдайының күрт нашарлауын күрделі гастролдік кестемен байланыстырады. Әншіге турнеде үзіліс жасау керектігін ескерткен.

Собрал халықаралық конкурста Amar Pelos Dois әнімен жеңген еді. Ол 758 ұпайға ие болған. 

Соңғы жаңалықтар