«Еуростат» еуроаймақтағы дефляцияны болжап отыр

None
None
БРЮССЕЛЬ.ҚазАқпарат - ЕО-ның «Еуростат» статистикалық қызметі еуроаймақ елдерінде тұтынушылық бағалар өсімінің бағалауды ақпанда жылдық мәнінде 0,3 пайыздан 0,2 пайызға дейін төмендетті.

«Еуроаймақта инфляция жылдық мәнінде 2016 жылғы қаңтар айындағы 0,3 пайызбен салыстырғанда, ақпан айында 0,2 пайыз деңгейінде күтіліп отыр», - деп атап өтті «Еуростатта».

Тұтынушылардың төмен белсенділігінен басқа, басты себеп - энергия тасымалдаушыларының бағалары: ағымдағы жылдың ақпан айында олардың тағы 8 пайызға арзандауы атап өтіледі.

Осылайша, қомақты ақша құйып, несиелер бойынша төмен пайыздық мөлшерлемелердің көмегімен инфляцияны жылдық 2 пайызға дейін түсірмек болған Еуропалық Орталық банктің (ЕОБ) күш салуы әзірге нәтиже бермей жатыр.

Осыған байланысты, талдаушылар ЕОБ-нің президенті Марио Драги наурыз айының басында Еуропалық Орталық банктің Басқарушылар кеңесінің кезекті отырысында экономиканы ынталандырудың жаңа раундысын жариялайтынын күтіп отыр.

Сонымен бір уақытта, өткен жұма күні еуроаймақ экономикасында іскерлік және тұтынушылық сенімнің жиынтық индексі ақпан айында 103,8 пунктке - өткен жылғы маусымның ең аз көрсеткішіне дейін төмендеген.

Соңғы жаңалықтар