Еуропол: Жанкешті әйелдер саны артып келеді

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еуропада жасалатын террористік актілерді ұйымдастыруда әйел азаматтарға ерекше маңыз беріліп отыр. Бұған еуропалық полиция агенттігінің бейсенбі күні жариялаған «ЕО-тағы терроризм: жағдай мен үрдістер» атты баяндамасынан белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ЕО аймағында болатын террористік әрекеттер барысында әйелдер, жастар тіпті балалардың өздеріне ерекше маңыз берілуде»,-делінген хабарламада.

Өткен жылы террористік әрекет үшін тұтқындалған әрбір адамның төртіншісі (26%) әйел азамат болған. 2015 жылы бұл көрсеткіш 18 процентті құраған еді.

«Батыста ерлерге қарағанда, жихадшы-әйелдер үшін терактілер ұйымдастыру жолында кедергі аз. Ал, әйелдер тарапынан орындалған террористік әрекеттер өзгелер елдердің өкілдерін де ынталандыра түсуі мүмкін»,-делінген құжатта.

Баяндама авторларының мәлімдеуінше, өзге террористік ұйымдардағы сияқты ДАИШ идеологиясы бойынша да өзін-өзі қорғау мақсатында болмаса әйелдер соғыс әрекеттерінен босатылған, дегенмен олардың осы соғыстарға қатысуына тікелей тыйым салынып отырған жоқ.

Соңғы жаңалықтар