Еуропарламент Ұлыбританияның ЕО-дан шығу келісімін мақұлдады

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Еуропалық Парламент сәрсенбі күні кешке Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шығу туралы келісімін қолдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Еуропарламенттің 621 депутаты құжатқа қолдау білдірсе, 49-ы келісімге қарсы болды, тағы 13 депутат – қалыс қалды.

Айта кетейік, ЕО мен Ұлыбритания блоктан шығу шарттары туралы қараша айында уағдаласқан болатын. Өткен аптада Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен және Еуропалық кеңес президенті Шарль Мишель келісімге қол қойды. Енді, Ұлыбритания және Еуропа парламенттері келісімді ратификациялағаннан кейін, мүшелігінде 27 мемлекет бар ЕО Кеңесі осы аптада құжатты мақұлдауы тиіс. Бұл, Біріккен Корольдікке блоктан 31 қаңтарда шығуға мүмкіндік береді.

Ұлыбритания қоғамдастықтан шыққаннан кейін аталмыш елдің ЕО-мен одан арғы қарым-қатынасы туралы келіссөздер биылғы наурыз айының басында басталатыны күтіледі.


Соңғы жаңалықтар