+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Еуропарламент қазақстандықтардың Сириядан эвакуациялануын жоғары бағалады

2019 жылғы 9 қаңтар 23:10
Бөлісіңіз:
Еуропарламент қазақстандықтардың Сириядан эвакуациялануын жоғары бағалады

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еуропалық парламент депутаты, ЕП Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық жөніндегі делегация жетекшісі Ивета Григуле-Петерс Сириядан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау жөніндегі операцияға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

«Мемлекеттің басты міндеті - өз азаматтарын қорғау. Сонда ғана азаматтар қай жерде жүрмесін өзінің қорғаушысы бар екеніне сенімді болады», - деді И. Григуле-Петерс.

Оның айтуынша, Сириядан 47 Қазақстан азаматының эвакуациялануын Еуропалық парламент жоғары бағалаған.

«Құқық қорғау органдары Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп жүргізген гуманитарлық операцияны біз өте жоғары бағалаймыз. Осындай қиын жағдайда әрі кикілжің орталығында күрделі операцияны сәтті іске асыру оңай емес», - деді Еуропарламент депутаты.

Оның пікірінше, қазақстандық азаматтарды Сириядағы кикілжің аймағынан қайтару бойынша арнайы жүргізілген гуманитарлық операция отандық дипломаттардың дайындығының жоғары деңгейде екендігін көрсетеді.

«Мен бұған дейін Сіздердің дипломаттарыңызбен бірге жұмыс істегенмен, Сыртқы істер министрлігінің кадрлары әлемдік деңгейде деуге болатындай өте жоғары білікті мамандар. Соңғы операция соны дәлелдеді», - деді И. Григуле-Петерс.

«Осы оқиғаға қарай отырып Қазақстан әрбір азаматын қорғайтынын көремін, әрбір нәзік жан, қария немесе бала - бұл мемлекеттік баға жетпес байлығы. Солай да болуы керек», - деді ол.

Оның ойынша, ЕО, РФ, АҚШ секілді әлемдегі бірнеше мемлекет қана айналысатын өз азаматтарын мақсатты түрде еліне қайтару ісі «басқаларға жақсы үлгі болмақ».

«Бұл оқиға Қазақстанның күрделі жағдайда шешім қабылдауда жақсы әрі сенімді әріптес екендігін көрсетеді», - деп түйіндеді И. Григуле-Петерс.


Тимур Дүйсекеев

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жәнібек Амангелді

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT