Еуропарламент Қазақстандағы жаңа демократиялық реформалардың әлеуетіне қолдау білдірді

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «Қазақстан Республикасы – Еуропалық одақ» Ынтымақтастық кеңесінің 17-ші отырысына қатысу шеңберінде Еуропалық комиссияның вице-президенті - ЕО-ның Сыртқы істер және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррелл, сондай-ақ Еуропалық Парламент депутаттары тобымен, оның ішінде ҚР-ЕО Достық тобы және Орталық Азия мен Моңғолия бойынша Еуропарламент делегациясының мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Еуропалық Парламент депутаттары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ҚР-дің жаңа демократиялық реформаларының әлеуетін атап өтті. Депутаттар ҚР Президентінің елдегі өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші Факультативтік хаттамасына қосылу туралы шешімін, сондай-ақ бейбіт жиналыстар, жала жабуды декриминализациялау, саяси партиялар құру үшін шегін төмендету жөніндегі заң жобаларын дайындау бастамаларын және тағы басқасын қолдады», - деді ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар