Еуропарламент депутаттары Түркия мен Сириядағы жер сілкінісіне қатысты мәлімдеме жасады

None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еуропарламенттің жетекші депутаттары бірлескен мәлімдемеде көптеген құрбандар мен олардың отбасыларына көңіл айтып, Еуропалық jдақтың шұғыл әрекетін қолдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еуропарламенттің Сыртқы істер комитетінің төрағасы Дэвид МакАллистер, Даму комитетінің төрағасы Томас Тобе және Еуропарламенттің Машрикпен байланыс жөніндегі делегациясының жетекшісі Изабель Сантос былай мәлімдеді: «Біз мыңдаған адамның өмірін қиған Түркияның оңтүстігі мен Сирияның солтүстігінде болған күшті жер сілкінісі салдарынан болған адам шығыны мен жан түршігерлік апатқа қатты қайғырамыз. Біз бар жан-тәнімізбен көптеген құрбандар мен олардың отбасыларына көңіл айтамыз.

Олар ЕО Азаматтық қорғаныс механизмі мен Copernicus спутниктік жүйесі белсендірілгеннен кейін Түркия үшін іздеу және құтқару топтарын жұмылдырған Еуропалық одақтың шұғыл карта жасау қызметтерін көрсету үшін дереу жауап беруін жөн санайды.

«Сирияның солтүстігіндегі көп жылдар бойы қиын гуманитарлық жағдайды біле отырып, біз зардап шеккендерге, атап айтқанда ЕО гуманитарлық көмегін көрсету арқылы қолдау көрсету бойынша ЕО-ның одан әрі әрекеттерін қолдауға дайынбыз», - деп атап өтті Еуропарламент депутаттары.

Соңғы жаңалықтар