Еуропарламент депутаттары Ауғанстандағы жағдайды талқылады

None
None
СТРАСБУРГ. ҚазАқпарат – Бүгін Страсбург қаласында Еуропарламенттің кезекті пленарлық сессиясы жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Еуропарламент депутаттары ЕО-ның Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Ж.Боррельдің қатысуымен Ауғанстандағы дағдарысқа қалай әрекет ету керек екеін талқылайды.

Еуропарламент депутаттары мен Ж.Боррелль гуманитарлық және көші-қон дағдарысына қалай әрекет ету керектігін, Ауғанстандағы мұқтаж адамдарға көмек көрсетужәне өміріне қауіп төніп тұрған адамдарды, әсіресе әйелдер мен балаларды қорғау мәселелерін талқылауға ниетті.
Сонымен қатар, Страсбургте ЕО ауған босқындарына, сондай-ақ әлі де елден кетуге тырысып жатқан адамдарға қандай қолдау көрсетуге болатыны және Кабулдағы жаңа билікпен қалай қарым-қатынас жасау керектігі талқыланады.
Авторы: Арнұр Рахымбеков
Соңғы жаңалықтар