Еуропаның туристік секторында кадрлар жетіспей жатыр

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемнің көптеген елдерінде коронавирустық шектеу шаралары алынып, азаматтардың еркін саяхаттауына мүмкіндік туды. Алайда, бұл бағытта туристтерге қызмет көрсететін жұмыскерлер жетіспей жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.

Бүгінде қонақ үй және мейрамхана иелері карантин салдарынан болған шығындарды өтеу үшін қызметкерлердің жалақысын қырсқартуда.

Дүниежүзілік саяхат және туризм кеңесінің зерттеуіне сәйкес, ағымдағы жылы туристік сектордағы ең көп кадр тапшылығы - Италияда орын алып отыр. Онда 250 мың жұмысшы жетіспейді. Ал, Францияда туристерге қызмет көрсетін - 71 мың, Ұлыбританияда - 128 мың және Португалияда - 49 мың персонал тапшы.

Франция мен Португалия мәселені шешу үшін қызметке эмигранттарды тартуда. Бұл орайда, Ұлыбритания Үкіметі болса, шетелден жұмыс күшін тартуға қарсылық білдірді.

Дүниежүзілік саяхат және туризм кеңесінің мамандары аталған саладағы кадр тапшылығын реттеу мақсатында тиімді визалық талаптар, мамандарды оқыту мен олардың біліктіліктілігін арттыруға негізделген бағдарламаларын енгізуді ұсынып отыр.

Қоса кетсек, бұған дейін Еуропаның азаматтық авиация саласы дағдарысқа ұшырап жатқанын жазған болатынбыз. Ондағы дағдарыстың басты себебі - демалыс маусымында ұшақ билеттеріне деген сұраныстың шамадан тыс артқаны. Тиісінше, көп көлемдегі туристерге қызмет көрсету үшін жұмыс күші жетіспей жатыр.


Соңғы жаңалықтар