Еуропаның дәрі-дәрмек жөніндегі агенттігі коронавирусқа қарсы екінші вакцинаны бағалады

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Еуропаның дәрі-дәрмек жөніндегі агенттігі коронавирусқа қарсы екінші вакцинаны бағалау жұмыстарын аяқтады.

Бұл туралы әлеуметтік желіде Еуропалық комиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Moderna компаниясының вакцинасы қауіпсіз әрі тиімді. Біз бірігіп, Еуропа тұрғындарын мол көлемдегі вакцинамен қамтамасыз еткелі отырмыз, бұл жақсы жаңалық»,-деді У.Ляен.

Сәрсенбі күні өткен мәжілістің қорытындысы бойынша Еуропаның дәрі-дәрмек жөніндегі агенттігі Moderna компаниясының вакцинасын жақсы бағалады.

«Қазір біз ЕО тұрғындарына қолжетімді болсын деген мақсатпен осы жұмысқа бар күшімізді салып жатырмыз»,-деді Еуропалық комиссия басшысы.

Еуропалық Одақ ұйымға мүше елдер үшін Moderna вакцинасының 160 млн дозасын алмақшы. Сарапшылар оның тиімділігін 94 пайыз деп бағалап отыр.

Авторы: Арнұр Рахымбеков


Соңғы жаңалықтар