+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 512.1
RUB 5.63 CNY 64.49
Jańalyqtar

Еуропаның бірқатар елі карантин шараларын күшейтуде

2020 жылғы 24 қазан 22:16
Бөлісіңіз:
Еуропаның бірқатар елі  карантин шараларын күшейтуде

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуропаның бірқатар елі карантин шараларын күшейтуде. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми ақпарат каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Португалияда көшеде бетперде тағуды міндеттейтін заң қабылданды және үйлену тойлары, діни іс-шараларды және басқа да жаппай отбасылық іс-шараларға тыйым салды. Елде 2 қараша коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандарды Ұлттық аза тұту күні болып жарияланады.


Италияның Кампания аймағының губернаторы Хэллоуинге байланысты демалыс күндері коменданттық сағат енгізетінін жариялады. Алдағы екі аптада бұл оңтүстік аймақта, оның ішінде Неапольде мектептер жабылатыны хабарланды.

Грецияда COVID-19 таралуы жоғары аймақтарда коменданттық сағат енгізіледі, бетперде тағу тек ғимараттар, барлар мен мейрамханаларда ғана емес, сонымен қатар ашық қоғамдық жерлерде де міндетті болып табылады.

Чехияда мектептер, мейрамханалар, спорт клубтары, сондай-ақ халыққа қызмет көрсететін бірқатар кәсіпорындар жабылды. Азық-түлік дүкендері мен дәріханалар жұмыс істейді. Бетперде кию міндетті болып табылады.


Болгария билігі медициналық университеттердің студенттерін медициналық қызметкерлер жетіспейтін ауруханаларға көмектесуге шақырды. Ел Үкіметі төтенше эпидемиялық жағдай режимін қараша айының соңына дейін ұзартты. Елде қатаң бетперде тағу режимі енгізілді.


Словакия билігі азаматтардың көшеде жүруіне шектеу енгізуде: үйден тек орынды себептермен шығуға болады. Жоғары сынып оқушылары дүйсенбіден бастап қашықтықтан оқытуға ауыстырылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT