Еуропаның әйгілі сахналарында қазақтың ән-күйі әуелейді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Биыл Алматы мемлекеттік филармониясының камералық оркестрі Ұлыбритания, Ирландия және Италияда ауқымды тур өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл атындағы Мемлекеттік филармония камералық оркестрі 22-30 қазан аралығында Еуропаның ең әйгілі концерт залдарында бірнеше концерт бермек.

Өнер ұжымы  ҚР Елшілігінің және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Дублин, Манчестер, Лондон, Милан және Рим қалаларында қазақ мәдениетінің жаршысы болмақ.

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған шараның халқымыздың байырғы музыкалық мұрасымен әлемді танысатыруда берері мол. Бұл миссия рухани жаңғырудың маңыздылығын арттыра түседі. Бұл концерттер қазақ өнерінің сан алуандығын сипаттайтын мәдениеттің жаршысы болмақ»,- деді ұйымдастырушылар.

Әлемік турнеге шықпас бұрын оркестр Алматыға гастрольдік сапармен келген канадалық скрипкашы Лара Сент-Джонмен бірге концерт қояды.

Соңғы жаңалықтар