Еуропаның алты мемлекетінде Қазақстанның елшіліктері ашылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлықтарымен Еуропаның алты мемлекетінде Қазақстанның елшіліктері құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Белград қаласындағы (Сербия Республикасы) дипломатиялық миссиясы Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Елшілігі ретінде қайта құру; Қазақстан Республикасының Братислава қаласындағы (Словак Республикасы) дипломатиялық миссиясы Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Елшілігі ретінде қайта құру; Қазақстан Республикасының Лиссабон қаласындағы (Португалия Республикасы) дипломатиялық миссиясы Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы Елшілігі ретінде қайта құру; Қазақстан Республикасының Рига қаласындағы (Латвия Республикасы) дипломатиялық миссиясы Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Елшілігі ретінде қайта құру; Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Елшілігі ретінде қайта құру жолымен Қазақстан Республикасының София қаласындағы (Болгария Республикасы) Дипломатиялық миссиясы қайта ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Елшілігі ретінде қайта құру жолымен Қазақстан Республикасының Таллинн қаласындағы (Эстония Республикасы) Консулдығы қайта ұйымдастыру жөніндегі Жарлықтарға қол қойылды.


Соңғы жаңалықтар