Еуропаның 5 дүркін чемпионы өлі күйінде табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кикбоксингтен бес дүркін Еуропа чемпионы Диана Каратеева Абакан қаласындағы (РФ) өз үйінде өлі күйінде табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Хакасия Спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

«Диана Каратееваның жансыз денесін үйіне келген достары көріп, шұғыл реанимациялық бригаданы шақырған»,- деп мәлім етті баспаөз қызметі.

Алдын ала болжам бойынша, 23 жастағы спортшы қызға иіс тиіп уланған. Әзірше бұл  оқиғаның  өзге егжей-тегжейі айтылмай отыр.  

Соңғы жаңалықтар