Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.87 EUR 432.52
RUB 6.11 CNY 55.95
Jańalyqtar

Еуропаны мойындатқан Әміре туралы фильмнің трейлері шықты

2018 жылғы 3 наурыз 10:00 1128
Бөлісіңіз:
Еуропаны мойындатқан Әміре туралы фильмнің трейлері шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Әміре» фильмінің түсіру жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақфильмге» сілтеме жасап.

Кинотуындының түсіру тобы картинаның трейлерін жарыққа шығарды. Әміре Қашаубаевтың өмір жолына арналған  көркем фильм 2018 жылы 5 сәуірде ұлттық прокатқа шығады.

Халықаралық түсірілім тобының құрамында: америкалық қоюшы-режиссер Джеф Веспа (Jeff Vespa), оператор - Максим Осадчий («9 рота», «Сталинград») бар. Фильмнің сценарийін жазған Бенжамин А. ван дер Вин (Benjamin A. van der Veen). Басты рөлдерді отандық актерлер Санжар Мәдиев (Әміре) және Еркебұлан Дайыров (Мұстафа Шоқай) сомдаған. Сонымен қатар, британдық актер Бен Алдридж (Ben Aldridge) және «Область тьмы», «Три билборда на границе Эббинга, Миссури» фильмдері арқылы танылған америкалық актриса Эбби Корниш (Abbie Cornish) және басқа да актерлер түскен.


Еуропаны мойындатқан Әміре туралы фильмнің трейлері шықты 

Картинаның бас продюсері, DAR компаниясының негізін қалаушы Әлидар Өтемұратов алдағы тұсаукесер туралы былай деді:

«Біз замандастарымызға Әміре Қашаубаевтың қиын өмір жолын және фильмде шырқалатын оның дауысын естуге мүмкіндік бергіміз келеді. Әмірені жақын танып, ұлттық дәстүрлі өнермен етене танысқан отандастарымыздың бойында мақтаныш сезімі оянады деп сенемін. Өйткені, біздің музыка мәдениетін қалыптастырған осындай адамдар, есімдер біздің тарихымызда қалуға тиісті. Әлем кинематографиясында музыка драмасы жанрында түсірілген фильмдер көп емес. Сондықтан отандық көрермендерге бұл жанрдағы картинаны көріп, өткен ғасырдың 30-жылдарына саяхат жасау қызықты болуға тиісті деп ойлаймын. Бұл Қазақстан кинематографиясын жаңа сатыға көтеруге бағытталған бірегей картина болмақ. Отандық көрермендер жоғары деңгейде бағалайды деп үміттенем», - деді Картинаның бас продюсері, DAR компаниясының негізін қалаушы Әлидар Өтемұратов.

Кинотуынды қазақтың тұңғыш драмалық тенор дауысты  біртуар әншісі Әміре Қашаубаевтың (1888-1934 жж.) қамшының сабындай ғана қысқа да, жарқын ғұмырын баяндайды.


Еуропаны мойындатқан Әміре туралы фильмнің трейлері шықты 

1925 жылы Парижде өткен Exposition Internationale des Arts Décoratifs et Industriels Modernes шеңберінде өткен бүкіләлемдік музыкалық байқауда Еуропа көрермендеріне қазақтың дәстүрлі әншілік өнері мен қара домбырасын паш еткен 36 жастағы Әміре Қашаубаев КСРО делегациясының арасынан топ жарып, екінші орынды және күміс медаль иеленді.

Фильм, сондай-ақ, дарынды әнші Әміре Қашаубаевтың джаз орындаушысы Джордж Гершвинмен достығы туралы сыр шертеді.

«Әміре» фильмі Париж аспанын әнге бөлеп, күллі әлемді тамсандырған Әміре Қашаубаевтың 130 жылдығына шыққалы отыр.


Еуропаны мойындатқан Әміре туралы фильмнің трейлері шықты 

Фильмде Әміре Қашаубаевтың репертуарындағы «Балқадиша», «Үш дос», «Дударай», «Бес қарагер» және т.б. әндері орындалады.

Картина Латвия, Лос-Анджелес қалаларында түсірілді. Сондай-ақ фильмнің соңғы түсіру жұмыстары Алматы облысы Үшқоңыр ауылының маңында жүргізілді.  

Әміре Қашаубаевтың есімін кең насихаттау мақсатында былтыр «Әміре Парижде» атты кітап жарық көрген болатын.


Еуропаны мойындатқан Әміре туралы фильмнің трейлері шықты 

«Әміре» фильмі «Қазақфильмнің» 2018 жылдағы бірлескен ауқымды алғашқы жобасы болмақ.  Қазір ҚХР-мен бірлескен «Композитор» фильмі монтаждау кезеңінде тұр. Көркем туынды екінші дүниежүзі соғысында Алматыда өмір сүрген қытайлық композитор Си Син Хайдың өмірі мен қазақтың ұлы композиторы Бақытжан Байқадамов арасындағы достығы туралы баяндайды.

Аталған туындыны Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ және Әлидар Өтемұратовтың «Dar Play» компаниясымен бірлесе түсірген.


Еуропаны мойындатқан Әміре туралы фильмнің трейлері шықты 




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам, Мәдениет,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT