Еуропалық сарапшылар: Референдум - Жаңа Қазақстан құру жолындағы маңызды қадам
2022 жылғы 16 маусым 03:30

Еуропалық сарапшылар: Референдум - Жаңа Қазақстан құру жолындағы маңызды қадам

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Азиялық зерттеулердің еуропалық институтында «Конституциялық өзгерістер - Қазақстан - Еуропалық Одақ қатынастарының болашағы» атты семинар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиында Азиялық зерттеулердің еуропалық институтының атқарушы директоры Лин Гоэтальс елімізде өткен референдум – Жаңа Қазақстанды құрудағы маңызды қадам екенін атап өтті.

«Бұл Қазақстанды трансформациялау үшін жасалған алғашқы маңызды қадам. Біз осы бағытта атқарылатын жұмыстардың қалай жүзеге асатынын асыға күтеміз. Сондай-ақ, біз Қазақстанды демократияландыру, биліктің есеп беруі және халыққа шешімдерді қабылдауға тікелей араласу мүмкіндігін беру тұрғысындағы өзгерістерді бақылап отырамыз. Сонымен қатар, Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы екіжақты қарым-қатынас одан әрі нығая түседі деп сенеміз» - деді бельгиялық сарапшы.

Бұдан бөлек, Еуропалық сыртқы байланыстар қызметінің Орталық Азия бойынша бөлім басшысы Дитмар Крисслер Президентінің жақын туыстарын жоғары мемлекеттік лауазымдарға тағайындамау туралы өзегеріске тоқталды.

«Шынында да бұл ұсыныс референдумға шығарылып, көпшілік дауыс арқылы мақұлданды. Сондықтан біз аталған бастама Қазақстанды демократияландыру жолындағы оң қадам болуы мүмкін деп есептейміз», - деді Дитмар Крисслер.


Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT