+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Еуропалық одақ вакцинацияның цифрлық сертификатын ресми бекітті

2021 жылғы 15 маусым 01:37
Бөлісіңіз:
Еуропалық одақ вакцинацияның цифрлық сертификатын ресми бекітті

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Еуропалық одақтағы үш институттың – Еуропалық парламенттің, Еуропалық одақтың және Еуропалық комиссияның басшылары вакцинацияның цифрлық сертификаты туралы ЕО Регламентіне ресми қол қою шарасына қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мумбайда қатты нөсер салдарынан үй құлап, жеті адам қаза тапты Тунис жағалауында кеме апатқа ұшырап, 17 адам суға кетті 2032 жылғы Олимпиада Ойындары Аустралиядағы Брисбен қаласында өтетін болды

«COVID-19-ға қарсы вакцинацияның цифрлық сертификаты Еуропа қуаттап отырған дүниенің нышаны болып табылады. Біздің Одақ бірлескен жағдайда жақсы жұмыс істейтінін тағы бір мәрте көрсетті», - деді Дэвид Сассоли, Урсула вон дер Ляйен және Португалия премьер-министрі Антониу Коста.

COVID-тің цифрлық сертикаты туралы ЕО Регламенті евроинституттар арасында рекордты – 62 күн ішінде келісілді.

«Біз заңнамалық процеспен жұмыс істеп жатқан уақытта, бір мезгілде жүйенің техникалық негізін – ЕО тұрғындарын вакциналаудың арнайы порталын жасадық. Ол 1 маусымнан бастап күшіне енеді», - деп қосты ЕО өкілдері.

ЕО сертификаты халыққа еркін жүріп-тұруға мүмкіндік береді деп күтілуде.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT