«Еуропалық Одақ – Орталық Азия» форумы 2023 жылы Қазақстанда өтуі мүмкін

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Орталық Азияға еуропалық инвестицияларды тарту және құрылымдау үшін «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңы маңызды рөл атқара алады. Бұл туралы Бішкекте «Еуропалық Одақ – Орталық Азия» экономикалық форумында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі форумдағы мүмкіндікті пайдалана отырып, «Еуропалық Одақ – Орталық Азия» экономикалық форумының 2023 жылы Қазақстанды қабылдаушы тарап ретінде ұсынбақпын», - деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысы Орталық Азияға еуропалық инвестицияларды тарту және құрылымдау үшін қазіргі уақытта ЕО-дан 70-ке жуық компания қолайлы салықтық, визалық және еңбек режимінде жұмыс істейтін «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңын ұсынды.

Премьер-Министр «Орталық Азия – ЕО» іскерлік кеңесін құру бастамасын көтерді. Оған екі өңірдің экономикалық блоктарының министрлері, бизнес басшылары, сондай-ақ қаржы институттарының, сауда және өнеркәсіп палаталарының өкілдері қатысады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Бішкекте Премьер-Министрлер деңгейінде «Еуропалық Одақ – Орталық Азия» экономикалық форумы басталды .

Асқар Мамин соңғы 10 жылда Еуропалық одаққа мүше елдер өңірге 110 млрд еуродан астам инвестиция салғанын жеткізді.

Үкімет басшысы Орталық Азия мен Еуроодақ елдерін экономиканы дамыту ісін күшейтуге шақырды.

Бүгін Бішкекте ҚР Үкімет басшысы Асқар Мамин Еуропалық комиссияның вице-президенті Валдис Домбровскиспен кездесті.



Соңғы жаңалықтар