Еуропалық одақ өкілі Қазақстанда қалдық өңдеумен айналысатын кәсіпорындарды көптеп ашуды ұсынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еуропалық одақтың Қазақстандағы ынтымақтастық бөлімінің басшысы Йоханнес Мэдсен елдегі қоқыс полигондарын жауып, экологиялық талапқа сай нысандар салуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласында министрліктер мен өндірістік орындардан шақырылған 30-дан астам қазақстандық сарапшы маман су сапасын бақылауда ұстаудың еуропалық тәсілдерін меңгерді.

Оқу курсы Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының бастамасымен және Еуропалық одақтың қаржылай қолдауымен өткізілді.

Аталмыш ұйымның Қазақстандағы ынтымақтастық бөлімінің басшысы Йоханнес Мэдсен Орталық Азиядағы су көздерінің ластану қарқыны алаңдарлық жайт екенін айтады.

«Бұл курстар қолданыстағы қоршаған орта туралы заңнама мен оның іске асырылу барысын бір-біріне жақындататын болады. Климаттың өзгеруі, қоршаған ортаны қорғау, су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі Орталық Азия үшін өте өзекті. 3 күндік семинарда осы саладағы еуропалық озық тәсілдер таныстырылды. Нақты іске келер болсақ, Қазақстандағы қатты қалдық полигондарын жабу керек. Қазіргі жағдайда полигондар топырақты, су көздерін ластап жатыр. Олардың орнына экологиялық талаптарға сай жаңа типтегі нысандар салу керек» , -деді Йоханнес Мэдсен.null

Еуропалық одақ өкілі мұндай бетбұрыс мемлекеттің қолдауынсыз алға баспайтынын айтады.

«Сіздерге қалдық өңдеумен айналысатын кәсіпорындар қажет. Олардың мейлінше көп болғаны дұрыс. Бұған мемлекет тікелей мұрындық болуы тиіс. Қалдық өңдеу ісі қоршаған ортаны қорғау жобасы ретінде ғана қарастырылмай, балама энергия көзін алатын, кәсіпкер үшін табысы мол кәсіп ретінде қолдау табуы тиіс», -дейді Йоханнес Медсен.

Үш күндік семинарға қатысқан қазақстанық сарапшыларға Еуропалық одақтың арнайы сертификаты табысталды.

Соңғы жаңалықтар