Еуропалық Одақ қысқы уақытқа ауысуда

None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Қазан айының соңғы демалысында Еуропа уақытты бір сағатқа артқа ауыстырады. ЕО құрамындағы елдердің тұрғындарының басым бөлігі бұл тәжірибеден бас тартқысы келетініне қарамастан, олар қысқы уақытқа ауысуда. Бұл туралы ҚазАқпарат euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

2018 жылы жүргізілген сауалнамаға сәйкес, еуропалықтардың 84%-ы маусымдық сағатты өзгертуді алып тастауды қолдады. Еурокомиссия тіпті жаз бен қыстың бірдей уақытын белгілеуді ұсынды, бірақ мәселе ұсыныстан ары бармады.

Қазір Еуропада үш сағат белдеуі бар: батыс, орталық және шығыс. Бөліну әрқашан қисынды емес, өткен ғасырдың ортасына дейін Испания Португалия және Ұлыбританиямен бір уақытта өмір сүрді, бірақ 1942 жылы генерал Франсиско Франко фашистік Германиямен ынтымақтаса отырып, сағатты алға жылжытуды бұйырды. Содан бері Мадрид Берлин уақытымен өмір сүріп келеді.

2018 жылы Еурокомиссияның бастамасы континентті тұрақты түрде қысқы уақытта тұратын төрт уақыт белдеуіне бөлуді көздеді. Осылайша, Исландия, Португалия және Ирландия Гринвичтен бір сағатқа артта қалады, ал Ұлыбритания, Франция, Испания және Бенилюкс елдері Батыс Еуропа уақытында өмір сүреді. Рас, мұндай бөлу мәселесі Ирландия мен Ұлыбританияның бөлігі болып табылатын Солтүстік Ирландия әртүрлі уақыт белдеуінде болатын еді.

Еуропалық Одаққа жақын елдердің ішінде Исландия, Ресей, Беларусь және Түркияда сағат өзгермейді. Сонымен қатар, уақыт Африкадағы Марокко мен Намибиядан басқа елдердің көпшілігінде және Азияда өзгермейді.


Фото: zastavki.com





Соңғы жаңалықтар