Еуропалық одақ елдерінде инфляция 7,5 пайызға дейін өсті

Фото: None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Еуропалық одақтың Еуростат-статистикалық басқармасының деректері бойынша 2022 жылғы наурызда Еуроаймақтағы жылдық инфляция 7,5% дейін өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Еуроаймақтағы инфляция деңгейі наурызда 2022 жылғы ақпанға қарағанда өсті, бұл көрсеткіш 5,9% құрады.
Еуроаймақтағы инфляцияның негізгі құрамдастарын ескере отырып, наурызда энергия тасымалдаушылары бағасының өсу қарқыны жылдық есепте ең жоғары болады деп күтілуде. Ақпанда 32,0% болса, наурыз айында 44,7% болмақ. Одан кейінгі өсім азық-түлік, алкоголь және темекі (наурызда - 5,0%, ақпанда - 4,2%) өнімдері, өнеркәсіптік тауарлар мен қызметтерде де байқалды.
Еуроаймаққа Бельгия, Германия, Эстония, Ирландия, Грекия, Испания, Франция, Италия, Кипр, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланды, Австрия, Португалия, Словения, Словакия және Финляндия кіреді.

Авторы: Арнұр Рахымбеков

Соңғы жаңалықтар